Тауардың экологиялық тазалығы мен халалдығы әлемдік трендке айналып келеді
Тауардың экологиялық тазалығы мен халалдығы  әлемдік трендке айналып келеді
8 жыл бұрын 2983

Тазалық пен ислам ажырамас егіз ұғымдар, тіпті, тазалықты иманның жартысы, деп, білетін мұсылмандар үшін бұл тезис таңсық көрінбеуі керек. Сондай-ақ, тазалықпен тікелей байланысы бар қоршаған ортаны қорғау және табиғатты аялау секілді экологиялық мәдениеттің шариғат талаптарында да ескерілуі өз кезегінде «эко-халал» ұғымының пайда болуына алып келгендей. Жуырда Мәускеу қаласында өткен «Halal Expo 2016» халықаралық VII көрмесінде "Green Standarts» экологиялық стандарт орталығының директоры Рашид Исмаилов осы ұғым төңірегінде ой қозғап, талай жайттың бетін ашып бергендей болды. Оның айтуынша, эко-халал принципі барлық салада етек алуы мүмкі: мәселен, энергетикада жаңғыртылмалы энергия көздерін (күн, жел, т.б.) пайдалану, ал құрылыста – қауіпсіз тұрғын үй, ауыл шаруашылығында – жерді күтіп ұстау (химикаттан, улы тыңайтқыштардан ада), су шаруашылығында тіршілік нәрін үнемдеу, т.б. Ол ол ма, фэшн-индустриясында да «эко-халал» сәнге айналған: матаны жануардың жүнінен, химиядан бас тарту, т.б.

0 пікір
Мұрағат