Тауар экспорты диверсификациясы бойынша әлемдегі алдыңғы қатардан көрінген ел
Тауар экспорты диверсификациясы бойынша әлемдегі алдыңғы қатардан көрінген ел
6 жыл бұрын 2468 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Корея әлем бойынша тауардың әр түрін экспорттаудан көш бастады. Дәлірегі, 77 тауар түрі бойынша әрі мөлшері бойынша алдыңғы орыннан көрінген. Бұл жайында кәрістердің Yonhap ақпарат агенттігі мәлім етті. Сарапшылардың айтуынша, аталмыш ел мұндай жетістікке мұнай-химия өнеркәсібі арқасында жеткен: соңғы уақытта ел билігі бұл салаға айрықша назар аударып отыр. Кәрістердің халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) келтірген дерекке қарағанда, Оңтүсиік Корея өткен - 2018 жылы шетелге сатылған тауарлардан 600 млрд-тан аса табыс тапқан. Оның 140,1 млрд доллары Оңтүстік Корея шетке көп шығарған тауарлардың 77 категориясына келеді. 2018 жылы мұнай-химия өнеркәсібі бойынша 31 тауар сыртқа шығарылған. 2017 жылғы көрсеткіштен алты есе артқан. 8 тауар категориясы тоқыма өнімдеріне қатысты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылы экспортталған тауар мөлшері бойынша Қытай көш бастаған - 1720 тауар түрінен, одан кейінгі орында Германия тұр - 693 тауар түрі бойынша. АҚШ - 550 тауар түрінен алда келеді.

0 пікір
Мұрағат