Татарстанда халал индустрия мамандарына сұраныс күн санап өсіп келеді
Татарстанда халал индустрия мамандарына сұраныс күн санап өсіп келеді
1 сағат бұрын 36 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Татарстан халал индустриясындағы білікті мамандар мен жұмысшыларға деген сұраныс ең жоғары аймақ атанды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күллі Ресей Федерациясындағы шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдер мен көрсетілетін қызметтер саласындағы мамандарға сұраныс мөлшері бойынша Татарстан республикасының үлесі 13%-ды құрап, көш бастап тұр. Сонымен қатар, халал индустрия мамандарына сұранысы жоғары үш аймақтың құрамына Башқұртстан (10%) және Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысы (10%) кірген. Бұл туралы «Авито Работы» ұйымының Татарстан республикасындағы өкілі Михаил Копылов мәлімет келтірді. Өткен жылы hh.ru (Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы жұмыс ерушілер мен жұмыс іздеушілерге арналған ең танымал сайт) сайтында халал индустриясы мамандары үшін 600 бос жұмыс орны жарияланды. Бұл көрсеткіш бүкіл Ресей аумағы бойынша жұмыс берушілердің жалпы сұранысының жартысы. 2025 жылы аталған республиканың халал-индустриясында қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлері: аспазшылар, наубайшылар, кондитерлер, даяшылар, бармендер мен баристер, сондай-ақ, мейрамхана менеджерлері неғұрлым үлкен сұранысқа ие болды. Бір жыл бұрын ең көп сұраныс сатушы-консультанттар мен кассирлерге тиесілі еді, деп атап өтті Поволжье өңірінің hh.ru директоры Албина Сұлтанова. 2026 жылдың алғашқы айларының қорытындысы бойынша Татарстанда халал-индустриядағы бос орындар саны айтарлықтай өзгерген жоқ, ал жалпы Ресей бойынша 39% -ға өсті, деп хабарлады «Авито Работы» өңірлік өкілі. Халал индустриядағы мамандарға сұраныс белсенділігі республикада 57% -ға, ал РФ бойынша 25% -ға артқан.

0 пікір
Мұрағат