Татарлардың қыр желкесінен казактар төніп тұр...
Татарлардың қыр желкесінен казактар төніп тұр...
6 жыл бұрын 3506 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осыдан бірер ай бұрын Кремль бұрынғы КСРО аумағындағы елдерді патшалық Ресейге бағындыруда шешуші рөл ойнаған казактардың құзыретін кеңейтіп, әскери жасақ ретінде, дәлірегі, олардың "тарихи миссиясына" орай сословие ретінде қарастырып, құру туралы пәрмен берген болатын. Өйткені, Кремль казактардың РФ қарулы күштері сапындағы сарбаздарға қарағанда әлдеқайда патриот екенін бағалаған болатын. Кремл осылайша азшылықты құрайтындардың үстінен қарайтындай етіп, құзырет беріп қойған. Тіпті, Еуропа одағының сарапшылар мен құқық қорғаушылары казактардың мәртебесін көтеруге қарсы болып, олардың азшылықты құрайтын ұлттар мен ұлыстарды тұқыртып ұстауға пайдалануға наразылық білдіріп, Ресей Федерациясы билігінен бұл бассыздықты тиюды талап еткен болатын. Елімізде де кезінде халқымызды қанға бөктірген казактардың тайраңдатып қойғаны тәуелсіздігімізге құрметсіздік танытқаны деп айта алмаймыз. Әлем бойынша казактардың қарасы бір млн адамнан асады. Таяуда ғана тілі үшін шамасы келгенше Кремлге қарсы күресіп келе жатқан татарларды бұдан былай кезінде өздерін жаулап алған казактар қадағалайтын болады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Қазан хандығының құлауына Ермек бастаған қарақшылар себепкер болған еді. Татарлардың ұлттық ар-намысын қорлағандай болып, Татарстан премьер-министрі  Алексей Песошный халық жасағы құрамына казактарды тартуы көп нәрседен хабар береді. Тәуелсіздігін алуға әлсіз талпыныс жасаған Татарстанды күшпен басуда казактарды пайдаланады деген сөз. Татарстан аумағында бүгінгі таңда кем дегенде бір мыңнан аса казак пен бірнеше казактар қауымдастығы бар. 

0 пікір
Мұрағат