Татар сарапшысы Таяу Шығыс проблемасының шешімі қайда жатқанын меңзеді
Татар сарапшысы Таяу Шығыс проблемасының шешімі қайда жатқанын меңзеді
4 жыл бұрын 6293 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Айдар Хайрутдинов есімді татар сарапшысы тыныш өмірді ұмытқан Таяу Шығыс проблемасының түп төркіні қайда жатқанын талдапты. Ол адамзат көміртекті энергия ресурсынан өзге арзан энергия көзін таппайынша Таяу Шығыстағы проблеманың шешілмейтінін алға тартыпты. Ресурсты тасымалдау мәселесі тағы бар. Осының бәрі айналып келгенде Таяу шығыстың өзіне бақ емес, сор болып жабысқанын жазған екен. Бұл тұрғыдан алғанда Таяу Шығыс, біріншіден, жарты әлемнің жартысынан аса байлығын жамбасына басқан аймақ (әлемдегі мұнай шикізаты қорының 54%-ы, газдың  40%-ы), екіншіден, ресурсты тасымалдаудың негізгі маршруттары осы аймақтан өтеді: Ормуз шығанағы Баб-әл-Мандеб шығанағы, Суэц каналы, Гибралтар шығанағы, Дарданелла мен Босфор. Осы себепті, АҚШ-тың билік тізгінін мейлі демократтар ұстасын, мейлі республикалықтар ие болсын, Таяу Шығыстан кетпейді. Өйткені, бұл АҚШ-тың экономикалық, саяси мүддесіне қайшы. Таяу Шығысқа бақылау орнату арқылы әлемнің өзге елдеріне ықпалын орната алады. АҚШ Таяу Шығысты уысынан шығармауы үшін Изарилге қолдау көрсетіп, өзінің мүддесіне пайдаланады. Кей сарапшылардың айтуынша, Израил мемлекеті әу баста осы мақсатта құрылған.

0 пікір
Мұрағат