Тарихта тұңғыш рет дәстүрлі шеруге тыйым салынды
Тарихта тұңғыш рет дәстүрлі шеруге тыйым салынды
7 жыл бұрын 2515 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

1948 жылы жүз мыңдаған палестиналықты кір жуып, кіндік кескен атамекенінен қуып жібергені үшін жыл сайын өткізілетін "Оралу маршы" деп аталатын бейбіт шеруге Израил билігі тұңғыш рет тыйым салды. Израилдік полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кадрлардың тапшылығын желеу етіп, шерудің өтуіне рұқсат бермей қойған. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. Ал палестиналық белсенділер мен Израил парламентінің мүшесі Иүсеф Жабарин: "Бұл саяси шешім. Үкімет Израилдегі өсіп келе жатқан палестиналық жастардың жаңа буынын үрейде ұстағысы келеді",- деп мәлімдеді. Айта кету керек, соңғы жылдары әр жыл сайын осынау шеруге қатысатындар қарасы молайып келеді. Израил билігінің палестиналықтарға көрсеткен қысымы мен жүгенсіз әрекетіне наразылық ретінде. Биыл аталған шеруге шамамен жиырма бес мыңдай қатысуы мүмкін еді. 

0 пікір
Мұрағат