Тарихта Эбола індетінің екінші "толқыны" тоқтатылды
Тарихта Эбола індетінің екінші "толқыны" тоқтатылды
5 жыл бұрын 2427 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарихта екі мыңнан аса адамның өмірін жалмаған Эбола індетінің екінші толқыны аяқталғанын, дәлірегі, тоқтатылғанын мәлімдеді. Африка құрлығында екі жылға таяу уақытқа созылған қауіпті дерттің беті қайтты. Бұл аралықта 3400 адам аталған індетті жұқтырып, олардың 2280-і осы дерттен көз жұмған еді. Эпидемия 2018 жылдың тамыз айында басталған болатын. Конгоның солтүстік-шығыс аймағында. 2019 жылдың орта шенінде шарықтау шегіне жетіп, 30 мыңға тарта адам жұқтырып алды, олардың 11 мыңы мерт болды. Эбола індетінен эпидемия кезінде жұқтырғандардың үштен екісі бақилық болған. Ғалымдардың айтуынша, Эбола жұқпалы індеті толық жойылған жоқ. Конгоның өзге аймақтарынан бірлі-жарым індет жұқтырғандар әлі шығып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша аталған елдің өзге аймағында 17 адам жұқтырып, олардың 11-і қаза тапқан.

Эбола – адамдармен қоса жануарлардың бірнеше түріне жұғатын аса өткір вирустық инфекциялық індет. Аталмыш індет алғаш рет 2014 жылы Африканың батысында пайда болды. Аталған құрлықтағы Гвинея, Сьерра-Леон және Либерия аумағында тараған еді алғашында. Екінші толқыны 2018 жылдың шілде айында басталды. 2019 жылдың соңына таман АҚШ-та Эбола жұқпалы індетіне қарсы екпе алғаш рет мақұлданған болатын.

0 пікір
Мұрағат