Тарихта алғаш рет ауа температурасы бір күнде қауіпті шектен асып, адамзат ең ыстық күнді өткерді
Тарихта алғаш рет ауа температурасы бір күнде қауіпті шектен асып, адамзат ең ыстық күнді өткерді
1 жыл бұрын 878 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық орташа ауа температурасы бір тәулікте екі градусқа жылыну шегінен асты. Температураның көтерілгенін Еуропалық Одақтың Copernicus қызметінің ғалымдары тіркеді. Бұл туралы аталмыш ұйым басшысының орынбасары Саманта Бержес X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың пікірінше, қараша айының 17-і күні аз уақытқа ауа температурасы қауіпті шектен асқан. Яғни, индустриалды дәуірге дейінгі кезеңмен салыстырғанда жердегі ауа температура Целсия бойынша 2,06 градусқа көтерілді. Сонымен қатар, жұма күні ауа температурасы 1991-2020 жылдардағы деңгейден орта есеппен 1,17 градусқа жоғарылаған. Осылайша, бұл күн тарихта ең ыстық күн ретінде қалатын болды. Мұндай жағдай алғаш рет байқалып отыр. Бұл құбылыс тұрақты сипатқа ие болса, яғни, ауа температурасы индустриялы кезеңге дейінгі кезбен салыстырғанда Целсия бойынша екі градусқа ұдайы көтерілсе, экологиялық жүйе мен тіршілікке орны толмас залал келеді. Қарашаның 17-і – апаттың жақын қалғанын ескертетін күн. Ал қарашаның 14-і күні Рио-де-Жанейро қаласындағы (Бразилия) ауа температурасы Целсия бойынша 58,2 градусқа көтерілді.

0 пікір
Мұрағат