|
Тарихи пәтуа шығарды
|
Малайзия дін істері органы зайырлы қоғам арасында тарихи атау алған пәтуа шығарды. Ел тарихында тұңғыш рет баланы мұсылман емес ата-анасының қамқорлығына беруге рұқсат етілді. Бұл жайында E-ISLAM ақпарат көзі хабар таратты.
«Баланың болашағы оның физикалық, моральдық және көңіл-күй қалауын, талап-тілектерін қамтиды. Баланы қамқорлыққа алу міндетін олардың діни сеніміне қарамастан, шынымен де балаларына қамқор бола алатын ата-анаға беру керек» деп мәлімдеді Перлис штаты мүфтиі Асри Зайнул Абдин.
Перлис мүфтияты ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайдағы баланы қамқорлыққа беру мәселесінде ата-ананың діни сенімі себеп болмауы керектігін айтып, мәселені оңтайлы шешуге күш салатындықтарын хабарлап отыр.
Айта кету керек, аталмыш пәтуа Малайзиядағы жүздеген балалардың тағдырына өзгеріс әкелмек. Қазіргі уақытта бұл құжат құзіретті орган қарауында талқылану үстінде.
"Әрбір дүниеге келген сәби мұсылман болып туылады. Кейін оны ата-анасы христиан, яхуди не мәжуси етеді" делінген хадисте. Сондай басқа дінге өткізетін ата-анаға бернен дұрыс болмас.
Одан да жастарымызға балаларын тастамауды, тіпті тұл жетім болған басқа балаларды да асырап алудың маңыздылығын ұғындыруымыз қажет.