Тарихи бетбұрыстан саудиялық әйелдер қуаныштан жылады
Тарихи бетбұрыстан саудиялық әйелдер қуаныштан жылады
8 жыл бұрын 7061 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының королі Салман халықаралық құқық қорғау ұйымдарының сын-ескертпелерін ескеріп, елдегі әйелдердің теңдігін қамтамасыз ететін тарихи қадам жасады. Монарх ел аумағында қолданылатын қамқорлық жүйесін ырықтандыруға ықпал ететін пәрменді шаралар қабылдауға пәрмен берді. Осыған байланысты бұдан былай саудиялық әйелдер өзіне қамқор ер-азаматтардың рұқсатынсыз мемлекеттік қызметке жұмысқа тұра алады. Айта кетейік, осы уақытқа дейін саудиялық әйелдер өзіне қамқор ер адамның рұқсаты мен келісімінсіз тұрмысқа шыға алмайтын, жеке басын куәландыратын төлқұжат ала алмайтын, ол ол ма, абақтыға жабылса, бостандыққа да шыға алмайтын, сотқа шағымдануға құқысы жоқ болатын, үйді жалға алуға мүмкіндігі болмайтын, медициналық тексеруден өте алмайтын, т.б. Associated Press ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, ендігі жерде саудиялық әйелдер өзіне қамқор ер адамдардың рұқсатынсыз шетелге де шығады. Тағы бір айта кететін жайт, аталған елде саудиялық әйелдің күйеуі қайтыс болса, қамқорлық ету құқығы автоматты түрде ақыл-есі бүтін болса, кәмелет жасына толған ұл балаға өтетін.  

0 пікір
Мұрағат