Тарих қайталанады: бүгінгі саясаткерлер кезіндегі мүшріктердің әрекетін еске түсіреді
Тарих қайталанады: бүгінгі саясаткерлер кезіндегі мүшріктердің әрекетін еске түсіреді
6 жыл бұрын 4005 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нидерланды парламентінің бұрынғы депутаты әрі аты-шулы исламофоб Герт Билдерстің (2010-1017 жылдар аралығында Нидерланды парламентінің депутаты) оң қолы атанған Йорам ван Клаверен, яғни, ультроңшыл азаттық партиясының (PVV) Герт Билдерстен кейінгі белсенді мүшесі исламды қабылдады. Голландық бұқаралық ақпарат құралдары таратқан хабарға қарағанда, ол өткен жылдың қазан айында тура жолға түскен. Десе де бұл туралы ақпарат енді белгілі болып отыр. Бір қызығы, оның исламға келу тарихы Пайғамбар (Алланың сәлемі мен иглігі болсын) кезіндегі мүшріктер мен сахабалардың әрекетін еске түсіреді. Олай дейтінімз,  исламды насихаттап жүрген сахабаларға райынан қайтару үшін мүшріктер келетін еді. Артынан олар сахабалардың себепкерлігімен исламды қабылдап жататын. Бүгінгі саясаткерлер де білместікпен арандап қалып жатады. 39 жастағы саясаткер исламды қаралау үшін кітап жазуға отырады. Кітапты құр долбармен немесе автор өзінің субьективті көзқарасын таңып жазса, біржақтылыққа ұрынар еді. Осыны ескерген әрі былайғы жұрттың көзін жеткізуі үшін исламға қарсы нақты айғақтармен кітап жазбақ болған ол Исламды зерделеуге кіріседі. Қызық болғанда, ол исламға қарсы емес, исламофобтарға қарсы кітап жазып шығады. Мұнымен ғана шектелмей аталмыш партия құрамынан шығады. Мұсылмандарға қарсы аты-шулы Герт Билдерстің кейінгі кезде үні шықпайды. Өйткені, ол 2017 жылы елде жүргізілген сайлауда жеткілікті дауыс жинай алмай, саясат сахнасынан қарасын батырған болатын. 

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð³ÐµÑÑ Ð²Ð¸Ð»Ð´ÐµÑÑ

Герт Билдерс

Естеріңізде болса, 2015 жылы Нидерландыдағы аталмыш партияның тағы бір белсенді мүшесі болған әрі мұсылмандарға қарсы "Фитна" деп аталатын деректі фильм түсірмек болған Арно Ван Доорнның исламды қабылдағаны турасында хабар таратқан едік. ол артынан мұсылмандардан кешірім сұрап, өз ісіне өкінетінін жеткізген болатын. 

 

0 пікір
Мұрағат