ТАРАУЫҚТА ҚҰРАН КӘРІМДІ ЕКІ-АҚ РӘКӘҒАТТА ХАТЫМ ЕТТІ
ТАРАУЫҚТА ҚҰРАН КӘРІМДІ ЕКІ-АҚ РӘКӘҒАТТА ХАТЫМ ЕТТІ
9 жыл бұрын 3374 Ihsan.kz

Оңтүстік Африка Респубикасында ілім алған «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Айбек Омар қасиетті Рамазан айының алғашқы тарауық намазында әлемде өте сирек кездесетін жәйтті жеткізді. «Қасиетті Рамазан айының алғашқы тарауық намазында сирек кездесетін жағдай орын алды. Қазақ халқының қадірлі ұстазы Ерсін Әміре болған Оңтүстік Африкадағы "Darul Uloom Azaadville" ислам университетінде Юсуп Джассат есімді қари тарауық намазының бірінші рәкағатында тек өзі Фатиха сүресінен Мүлік сүресіне дейін, яғни, 29-шы параға дейін, тоқтаусыз оқып шыққан. Екінші ракағатта Әл-Қасас (яғни 20-шы пара) сүресінен бастап, Нәс сүресімен аяқтаған. Имам Әбу Ханифадай әулие имамның мазхабын ұстанып,  салиқалы амалдарын жалғастыруда тер төгіп жатқан осындай жас мұсылман бауырлар Оңтүстік Африка мемлекетінде жиі кездеседі. Бұл елде хафиздер санының көпшілігі соншалық, қасиетті Рамазан айында Құран хатым етілмеген еш бір мешіт, ешбір намазхана (ол, тіпті, аурухана, аэропорт, оқу орындары, т.с.с.  орындардағы намазханалар) қалмайды. Алла құлшылығын қабыл етіп, біздің елде де осындай игі амалдардың орын алуын Жаратқан нәсіп еткей!»,- деп керемет жаңалықты халықпен бөлісті.

0 пікір
Мұрағат