Тақтан бас тартқаны үшін ханзадаға бөлінген қаржы бас айналдырады
Тақтан бас тартқаны үшін ханзадаға бөлінген қаржы бас айналдырады
7 жыл бұрын 3768 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, алдыңғы күні, яғни, осыдан екі күн бұрын Саудия королі өзінің мұрагері болған Наифты тақ мұрагерлігінен алып тастағанын әрі ішкі істер министрі қызметінен шеттеткен хабарлаған едік. Оның орнына өзінің туған ұлы, қорғаныс министрі лауазымды қызметін атқарып жүрген Мұхаммед бен Салманды тағайындаған болатын. Алайда, сарайдың құпиясы енді ашылып жатыр. Твиттер әлеуметтік желісінде саудиялық королдің туыстарының бірі (аты-жөні айтылмаған - ред), Ahdjadid деген лақап, яғни, бүркеншек атпен біреу тақтан өз еркімен бас тартқаны үшін әрі ішкі істер министрі қызметінен кеткені үшін Мұхаммед бен Наифқа бас айналдырар сомада өтемақы төленгенін жазыпты. Нақтырақ айтқанда, Наифқа 100 млрд доллар қаражат қолма-қол ақшамен берілген және осындай сомада елдің ішіндегі және тысындағы активтер оның атына аударылған. 

 

 

0 пікір
Мұрағат