Тақ мұрагері оппозициялық тілшінің қанын мойнына жүктегенін ақыры мойындады
Тақ мұрагері оппозициялық тілшінің қанын мойнына жүктегенін ақыры мойындады
5 жыл бұрын 2676 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында бүгін, яғни, бейсенбі күні АҚШ-тың PBS (Public Broadcasting Service) қоғамдық хабар тарату қызметінің сайтында жарияланған Frontline деректі фильмдер циклінде айтылған. Мартин Смит есімді автордың бұл деректі фильмі бірер күннен соң, дәлірегі, қазан айының 1-і күні эфирге шығады. "Бұл жағдай мен қызметте (PBS нұсқасында тура мағынасында - "менің ауысымымда") болғанда орын алды. Мен барлық жауапкершілікті мойнына аламын",- деп мәлімдеді королден кейінгі билікке ие тақ мұрагері. Алайда, оппозициялық тілші Жамал Қашқашының басында не болғанынан хабарсыздығын да тілге тиек етті. Ол королдікте 20 млн тұрғын мен 3 млн мемлекеттік қызметкердің барын айта келіп, олардың әрбіреуінің немен айналысып жатқанынын блмейтіндігін айтып ақталды. 

0 пікір
Мұрағат