Танзанияда тырысқақ індеті өршіді
Танзанияда тырысқақ індеті өршіді
8 жыл бұрын 2421 ҚазАқпарат

Танзанияда тырысқақ ауруының өршуі он мыңнан астам адамның дертті жұқтыруына себеп болды. 50 адам оның құрбаны болды, делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ақпаратында. Сонымен қатар ДДСҰ сарапшылары тырысқақ ауруының бүкіл әлемге тарауы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Ағымдағы жылдың тамыз айында кем дегенде 9871 адам тырысқақ індетін жұқтырды. Олардың 150-і ажал құшты. Мұны  танзаниялық денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері растады. Ел астанасы - Дар-эс-Салам өзгелерге қарағанда көп зардап шекті. Онда 4,5 мыңнан астам адамның ауруды жұқтыру фактісі тіркелді.

Тырысқақ вирусы уланған су арқылы тарайды. Вирус Танзанияның барлық аумағына, соның ішінде Занзибар архипелагындағы екі аралға тарады. Тырысқақ індетін бақылау бойынша елде бірқатар шаралар қабылданды. Оның ішінде суды хлорлау да болды.

Алайда, сарапшылар жауын-шашын маусымының басталуымен аталған дерттің халықаралық деңгейде таралуына әкеліп соғуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

0 пікір
Мұрағат