Танысу сайты өз нәтижесін көрсете бастады
|
Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын Иранда туу көрсеткішінің төмендеп кетуіне байланысты мемлекеттік танысу сайтының ашылғанын хабарлаған едік. «Теңіңді тап» деп аталатын сайт жұмысы өз нәтижесін көрсете бастады. Өмірлік серігін іздеген адам өзіне лайықты үміткермен бірден тікелей байланысқа шыға алмайды. Алдымен анкета толтыруы керек. Одан ары имамдардан, педагогтардан, медицина қызметкерлерінен, әлеуметтік қызметкерлерден жасақталған сайт мамандары айналысады. Нақтырақ айтқанда, өмірлік серігін іздегендерге лайықты кандидаттарды тауып беруге тырысады. Аталмыш сайтқа жазылу тегін. Мақсат – бір жыл ішінде 100.000 жаңа отбасын құру. Бір қызығы, бұл елде 11 млн азамат заңды түрде неке қидырмаған. Осы статистиканың өзі көп жайтты аңғартса керек.
Ал ауылда мұндай сайттардың рөлін жеңгелеріміз-ақ орындайды)))