Тәліптердің талабы
Тәліптердің талабы
6 жыл бұрын 3702 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ақпан айының 5-6-ы күндері Мәскеу қаласында өткен Ауғанстанға қатысты жиында өзара ымыраға келудің бірқатар талаптары талқыға салынды. Әлемнің көптеген елдерінде террористік ұйым ретінде тыйым салынған, 1996-2001 жылдар аралығында Ауғанстан билігінде болған, америкалықтар биліктен тайдырғаннан кейін де елді басқыншылардан азат етуші партизандық тәсілге көшіп, ауған жерінің жартысына жуығын бақылауда ұстайтын тәліптер қозғалысы ел аумағынан халықаралық содырларды, лаңкестік ұйымдарды ауған жеріне кіргізбеу шартымен америкалық конитнгенттің шығарылуына байланысты әрі елдің саяси өміріне араласуына жол ашылуына орай билікті монополиялауға ұмтылмайтындарын мәлімдеді. Алайда, тәліптердің өз қояр талабы бар: елдің констиутуциясы шариғатқа негізделуі керек. Мәскеу қаласында ауған тақырыбында өткен жиынға тәліптер қозғалысы делегациясын бастап барған Мұхаммед Аббас Станикзайдың аузымен айтылған бұл талап орындала ма, жоқ па, оны алдағы уақытта білетін боламыз. 

0 пікір
Мұрағат