Тәліптердің жеңіске жетуінің тағы сыры айтылды
|
![Тәліптердің жеңіске жетуінің тағы сыры айтылды](https://static.islam.kz/uploads/images/qmq/p9K/vPlhiyanrdxlRa6t-lg.png)
АҚШ Қарулы күштерінің штабтар бастығының біріккен комитетінің жетекшісі, генерал Марк Милли Fox News телеарнасына берген сұхбатында Ауғанстан билігінің әскер саны жағынан үш есе аз әрі қару-жарақ арсеналы да жұтаң тәліптер радикалды қозғалысынан (әлемнің бірталай елінде және Қазақстанда іс-әрекеті мен насихатына тыйым салынған) жеңілуінің бір себебін айтты. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық генералдың айтуынша, ауған әскерінің содырлардан жеңіліс табуына билік құрылымдарын дендеген жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық себеп болған. Әскери маманның сөзіне қарағанда, ауған билігінің өзі халық үшін заңсыздықтың ортасы болғандықтан сенімнан айырылған. Нәтижесінде содырлар билік басына келді. Бұл қателік сыбайлас жемқорлық жайлаған кез келген мемлекеттің басына күн туса, қайталануы мүмкін.
![Түркиядағы жалғызбасты адамдар қарасы 5 млн-нан асты](https://static.islam.kz/uploads/images/uS1/vFk/7BZSuRf5SIJusn8D-sq.jpeg)
![Әкесі қайтыс болғаннан кейін ЭКО әдісімен дүниеге келген балаларға асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы тағайындалады](https://static.islam.kz/uploads/images/dZN/wjb/4uPTVnXIc4CYeYAb-sq.jpg)
![Жапония цифрлы активке салық реформасын жүргізеді](https://static.islam.kz/uploads/images/FTC/Pc3/Mu6kr3CEP4iUSCxJ-sq.jpeg)
![Бір саусақ санына жететін жылда криптовалютаны пайдаланушылар қарасы 1 млрд адамға жетеді](https://static.islam.kz/uploads/images/8H6/y7f/DemTXybZSinW2gn2-sq.png)
![Орта Азия елінде түрмеде кітап оқығандардың жаза мерзімін қысқартатын заң қабылданды](https://static.islam.kz/uploads/images/IQr/YoY/ssSoQMoTiADyCjfz-sq.jpg)