|
Тәліптер тірі жандар бейнесі болғандықтан теледидарды радиоға айналдырды
|
Ауғанстанның шығысында орын тепкен Пактия провинциясының билігі ұлттық теледидар хабарын тоқтатты. Бойында жаны барларды жария түрде көрсеткені үшін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ауған журналистикасының орталығына (AFJC) жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай тыйым туралы ұлттық теледидар қызметкерлері жергілікті биліктен білген. Қолдағы бар дерекке қарағанда, теледидарды радиостансаға айналдырған. Бұдан бөлек, жергілікті мемлекеттік қызметкерлерден бейнесі көрінетін хабарға қатысуға, соның ішінде сұхбат беруге тыйым салынған. Тек жазбаша немесе ауызша, яғни, аудиоформатта есеп беруге рұқсат беріледі. Тәліптердің бұл ережесі Бақтар мемлекеттік ақпарат агенттігінің, сондай-ақ, баспа түріндегі бұқаралық ақпарат құралдарында да қолданыс тапқан. Осылайша Пактия жақсылықты көтермелеу, жамандықтан тыю жөніндегі заңның 17-ші бабыне негізделген тыйым қолданылған осымен 23-ші провинция атанды. Ауғанстанды ұзын саны 34 провинция барын айта кетпекпіз сөз арасында.