Тәліптер спорттың бір түріне тыйым салды
Тәліптер спорттың бір түріне тыйым салды
3 ай бұрын 937 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстан аумағында аралас жекпе-жекке басыбүтін тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Билік басындағы тәліптер қозғалысы бұл спорт түрін қатыгез деп тауып, жекпе-жек кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ол ол ма, адамның жазым болу, өлім қаупінің жоғары болуына байланысты исламға қайшы, деп санайды. Осы аптаның орта шенінде ізгілік және күнәнің алдын алу министрлігі спорттың шариғат талаптарына сәйкестігін зерттегеннен кейін осындай бұйрық шығарып, аталған жекпе-жек түріне тыйым салуға пәрмен берді. Дегенмен, бұл елде аралас жекпе-жек кеңінен танымал спорт түріне жатады. Париж Олимпиадасында ұлттық құрамалар мен босқындар құрамасы үшін бақ сынаған 11 ауғанның төртеуі жекпе-жектің әр түрінен өнер көрсетті. ММА (ағылшынша: Mixed Martial Arts, яғни, аралас жекпе-жек) қауіпсіздік себептеріне байланысты олимпиадалық спорт түрі ретінде танылмайды.

0 пікір
Мұрағат