Тәліптер көсемі сотсыз жазалауға қатаң тыйым салды
Тәліптер көсемі сотсыз жазалауға қатаң тыйым салды
1 жыл бұрын 976 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Marcus Yam / Los Angeles Times

Ауғанстан билігіндегі тәліптер раикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының террористік ұйым деп танитын қарарымен әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) Хайбатулла Ахундзада сотсыз жазаға тарту әдетіне тыйым салатын жарлық шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш қозғалыстың ресми өкілі  Забиулла Мужахидке жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Соттың шешімінсіз біреуді ұрып-соғуға ешкімнің құқығы жоқ, тіпті, түртуге де болмайды. Сот жазаны шариғат бойынша тағайындайды. Басқалардың біреуді таяқпен немесе қамшымен ұруға құқығы жоқ», - деп келтіреді ТАСС «Талибан» өкілінің сөзін. Бұл жарлыққа құлақ аспағандардың жазаланатыны ескертілді. Сөз орайы келгенде халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары тәліптердің бұрынғы үкімет мүшелері мен азшылықты құрайтын ұлт өкілдерін сотсыз таяққа жыққанына наразылық білдіріп, әлем қауымдастығына дабыл қаққан еді.

0 пікір
Мұрағат