Тәліптер көсемі Ораза айт құрметіне 2460 тұтқынға рақымшылық жариялап, 471 тұтқынның жазасын жеңілдетті
|
Ауғанстан билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының террористік ұйым ретінде танитын қарарына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) көшбасшысы Хайбатулла Ахундзаданың пәрменімен қасиетті Рамазан айының аяқталуына байланысты, дәлірегі, Ораза айттың құрметіне 2460 тұтқын бостандыққа шығарылатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауғанстанның жоғарғы сотының мәлімдемесінде: «мүміндердің жоғарғы көшбасшысының нұсқауымен және жоғарғы соттың бұйрығымен елдегі барлық түрмеден 2460 тұтқын рақымшылықпен босатылады», - деп айтылған. Бұдан бөлек, жарлыққа сәйкес 471 тұтқынның жазасын өтеу мерзімі қысқартылды.