Тәліптер есірткі өсіруге тыйым салды
Тәліптер есірткі өсіруге тыйым салды
3 жыл бұрын 1705 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстанның билік басындағы Тәліпттер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан және әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан республикасында террористік ұйым ретінде танылған) күллі Ауғанстан аумағына макты (есірткі түрі) өсіруге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш тыйымға құлақ аспағандарды шариғат талаптары бойынша жазаланатыны ескертіп отыр. Бұл шешімді саяси-діни-әскери ұйымның өкілі Біләл Кәрім хабарлап, жария етті. Өсірілген есірткі алқабының жоятынын да мәлімдеді. Бұдан бөлек, есірткілік заттарды, сондай-ақ, ішімдік өнімдерін тұтынуға, саудалауға, тасымалдауға экспорты мен импортына тыйым салды. 

Уикипедия электронды энциклопедиядан: 

БҰҰ есебі бойынша 1997 жылы тәліптер бақылайтын аймақтарда ауған есірткісінің 96%-ы өндірілген, қалған есірткі генерал Достым мен Раббани бақылайтын аймақта өндірілген. Тәліптер кезіндегі апиын елдің 32 провинциясының 10-ында өндірілді - жылына 2,2-2,3 мың тонна; бұл әлемдегі заңсыз өндірістің 40%-н құрады. Тәліптер есірткі саудасына тыйым салмады, сонымен қатар, олар апиын сатудан түскен табыстан салық алды, бейресми деректер бойынша алықтың мөлшері табыс деңгейінің 15-30%-н құраған.

2019-2020 жылдары тәліптер бақылайтын аумақтарда апиын өсіруге пайдаланылатын жер көлемі үштен бірге ұлғайға. БҰҰ-ның дерегінше, 2020 жылы тәліптер апиын саудасынан 460 миллион доллар табыс тапқан.

Ұқсас материал:

«Ауған «көзірі»: Есірткі трафигінен лития трафигіне өте ала ма?» (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-koziri-esirtki-trafiginen-litiya-trafigine-ote-ala-ma-15930/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат