Тәліптер дуашы сиқыршылар мен балгерлерге қарсы күресті күшейтеді
|
Ауған билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым деп танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) шариғат талаптарына қайшы келетін кез келген әрекет пен жоралғыға, соның ішінде сиқыр мен балгерлікке қарсы күресті күшейтетінін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ислам бағдары, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиятын министрліктің жетекшісі Акиф Мұхажерге жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Балгерлер мен сиқыршылар жауапқа тартылып, шариғат заңы бойынша жазалануы керек», деді ол ұлттық телеарнада сөйлеген сөзінде. Осылай деген ол сиқыршылардың ерлі-зайыптылар арасына от салып, жанжал тудыратынын, отбасы институтының іргетасын шайқайтынын, сонымен қатар, бизнеске зиянын тигізетінін атап өтті.