Тәліптер Ауғанстанда апиын егістігінің толық жойылғанын мәлімдеді
Тәліптер Ауғанстанда апиын егістігінің толық жойылғанын мәлімдеді
2 жыл бұрын 2339 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: aa.com.tr

Биыл Ауғанстан аумағында апиын дақылдары толығымен дерлік жойылды. Бұл туралы islam.kz порталы  аталған елдің билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым деп танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда қызметі мен насихатына  тыйым салынған – ред.) ресми өкілі Забиолла Мұжаһидтің (суретте - ред.) мәлімдемесіне жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне  сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылай деген ол заңсыз есірткі айналымын тоқтату бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылып жатқанын жеткізді. Алдымен, дәлірегі, 2022 жылдың сәуір айында тәліптер көсемі Хайбатулла Ахундзада ел аумағында апиын дақылын өсіруге басыбүтін тыйым салу туралы жарлығын шашқан болатын. Десе де өткен жылдың қараша айында БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы 2022 жылы Ауғанстанда апиын егілген көкнәр алқаптары өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға артып, 233 мың гектарды құрағанын атап өткенін айта кету керек. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша Ауғанстан бүкіл әлемдік апиын тұтынушылардың 80%-ның «қажеттілігін» қамтамасыз етеді.

0 пікір
Мұрағат