Тәліптер ауған әйелдерінің құқығын қорғау батығында маңызды қадам жасады
Тәліптер ауған әйелдерінің құқығын қорғау батығында маңызды қадам жасады
3 жыл бұрын 2003 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Zohra Bensemra / Reuters

Ауған билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысының (Қазақстан мен әлемнің көптеген елінде насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) көсемі Хайбаттула Ахундзада ауған әйелдерінің құқығын сақтау бағытында маңызды пәрмен берген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш қозғалыстың баспасөз хатшысы Забиолла Мұжахидке жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттіген сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәліптер жетекшісі бұл тараптағы мәлімдемесінде әйелдердің өз еркі өзінде болатынын, ешкімнің басыбайлы күңі немесе жекеменшік заты ретінде қарауға болмайтынын айтқан. Яғни, тәліптер көсемінің жарлығы бойынша қыздар тек өзі қалаған адамға тұрмысқа шығады. Бұдан бөлек, дін өкілдеріне, сот және жергілікті әкімшілікке әйелдерге құрметпен қарауды халыққа түсіндіруге пәрмен берген екен. Бұған қоса, тәліптер көсемі жесір қалған әйелдердің мұрагерлік бойынша құқығын қамтамасыз етуге жарлық шашқан.

Image

0 пікір
Мұрағат