Тәліптер аса маңызды саяси науқаннан неге бас тартты
Тәліптер аса маңызды саяси науқаннан неге бас тартты
7 жыл бұрын 2998 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, кезінде Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің елдегі ахуалды тұрақтандыру үшін тәліптер қозғалысымен бітімге келіп, оларды елдегі саяси өмірге араластыру жайында, дәлірегі, партия ретінде тану турасында ұсыныс білдіргені жөнінде хабар таратқан едік. Өйткені, бұрын да бірнеше мәрте хабарлағанымыздай, әлемдік державалар террористік ұйым ретінде танитын тәліптер қозғалысын жергілікті халық ұлтты азат етуші партизандар қатарына жатқызады. Осыны ескерген ауған басшысының елдегі саяси аумалы-төкпелі жағдайды ретке келтіру үшін тәліптер қозғалысын алдағы, дәлірегі, осы жылдың қазан айында өтетін парламенттік сайлауға қатысуға ұсыныс білдірді. Алайда, тәліптер қозғалысы бұл ұсыныстан, яғни, парламенттік сайлауға қатысудан ада-күде бас тартты. Тәліптер елдегі саяси және әскери шешімдерді шетелдіктердің қабылдайтынын мәлімдей келе ең алдымен жат жерлік басқыншылармен күреске басымдық беретінін жеткізді. Пентагонның айтқанынан шықпайтын қуыршақ биліктің көзбояушы қойылымына қатыспайтындарын мәлімдеді. Ал Ауғанстан президенті тәліптер қозғалысын мұндай мүмкіндікті пайдаланбағанына қынжылыс білдірді.

0 пікір
Мұрағат