Тәліптер әйелдерге үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салды
Тәліптер әйелдерге үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салды
2 жыл бұрын 1097 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауған билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) ел аумағындағы халықаралық және жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға әйелдердің қызметін тоқтатуға пәрмен берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Twitter әлеуметтік желісіндегі 1TV хабарына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәліптердің бұл шешімін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қатаң сынға алды. Ол өзінің Twitter-аккаунтында: «Әйелдер дүние жүзіндегі гуманитарлық іс-шараларда басты рөл атқарады. Бұл шешім ауған халқы үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», - деп жазды.

0 пікір
Мұрағат