Тәліптер әйелдерге тағы бір тыйымды қолданысқа енгізді
|
Тәліптер Ауғанстандағы әйелдерге қатысты түрлі шектеулердің қатарын тағы бір тыйыммен толықтырды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан былай ауған әйелдері қоғамдық орындарда бір-бірімен тілдеспеуі тиіс. Мұндағы мақсат олардың даусын бөгде ерлерге естіртпеуге саяды. Тәліптердің пікірінше, әйел адамның даусы да бөгде ерлердің назарын өзіне аударып, ойын бұзуы мүмкін. Жақсылыққа бастап, жамандықтан тыятын министрлік жетекшісі Халид Ханафидің мәлімдемесіне сәйкес ересек әйелдер бөгде ерлерге ғана емес, сонымен қатар, өзге әйелдермен де сұхбаттасуына болмайды. Қоғамдық орындарда. Бұл ереже әйелдердің көпшілік жиналған жерде қасиетті Құранды дауыстап оқуға да қатысты қолданылады. 2021 жылдан бері билік басына келген тәліптер әйелдерге жанында жақын ер-азаматы болмаса, көшеге өз бетінше шығуға, білім алуына, бөгде ерлермен тілдесуге, саябақта серуендеуге, спортпен шұғылдануға, шомылуға тыйым салатын түрлі шектеулерді қолданысқа енгізіп келеді. Бұдан бөлек, әйелдердің сән салондары жабылып, зорлық-зомбылық көрген әйелдерді қорғайтын паналау орталықтары да жұмысын тоқтатқан еді. Бұған қоса, тәліптер, қоғамдық көлікте ән-күй қосуға да қатаң тыйым салған еді. Бұрын Reuters ресурсы тәліптердің қауіпсіздік күштерінен сақал өсірмеген 280-нен аса ер-азатты жұмыстан қуғанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, өткен жылы 13 мыңнан аса адамның исламға қайшы деп танылған әрекетімен көзге түскені үшін тұтқындалғаны туралы да хабар тараған еді.