Тәліптер әйелдерге сот төрайымы болып жұмыс істеуге тыйым салды
Тәліптер әйелдерге сот төрайымы болып жұмыс істеуге тыйым салды
2 жыл бұрын 1644 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстанның билік басындағы тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде және Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.), дәлірегі, аталған елдің жоғарғы сотының шешімімен әйелдерге сот жетекшісі болып лауазымды қызмет атқаруына қатаң тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауғандаррдың жоғарғы сотының мұндай қаулы қабылдауын Хизбулла Ыбырайым есімді тергеу және сараптама бөлімінің сарапшысы екі түрлі себеппен түсіндірді: әйелдер судья болып жұмыс істеген кезде мұсылман әйелдерінің сыртқы келбетіне қатысты шариғат талаптарын бұзып, бүркенбей жүрген. Екінші себеп – ханафи мәзһабының біліміндегі олқылықтар, демек, кәсіби дәрменсіздік. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Ауғанстан аумағында әлі күнге қыздардың білім алуына салынған тыйым күшін жойған жоқ.

0 пікір
Мұрағат