Тәліптер әйелдердің опа-далап қолдану аясын шектеді
Тәліптер әйелдердің опа-далап қолдану аясын шектеді
2 жыл бұрын 1102 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: dailysabah.com

Ауғанстанның Парбан провинциясында әйелдердің опа-далап қолдану аясын шектейтін шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Іslam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауған әйелдерін көптеген құқықтарынан айырған тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен әлемнің көптеген елінде террористік ұйым ретінде танылғандықтан, соның ішінде Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) бұл қадамын әйелдерді азғындыққа бастауы ықтимал әдеттің алдын алумен түсіндіріп отыр. Жамандықтан тыйып, жақсылыққа үндейтін министрлік тарапынан қабылданған аталмыш шешім ауған әйелдерінің спортпен шұғылдануға, қамқоршысынсыз саяхаттауға немесе өз бетінше саябақта серуендеуге, білім алуға қатысты салынған тыйымдардың бір парасы.

0 пікір
Мұрағат