Тәліптер 1 жылда 23 млн сайтты жауып, СИМ-картаны пайдалануға тыйым салды
Тәліптер 1 жылда 23 млн сайтты жауып, СИМ-картаны пайдалануға тыйым салды
2 жыл бұрын 905 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

«Тәліптер» радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде және Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) билік тізгінін ұстаған кезден бері, яғни, өткен жылдың тамыз айынан бері шариғат талаптарына қайшы келеді деген аргументпен 23 млн-нан аса интернет сайтты жауып тастаған. Осылайша сөз бостандығына өрескел шектеу енгізіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Tolo News телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, СИМ-картаны заңсыз деп танып, пайдалануға тыйым салды. Тіпті, Ауғанстанның байланыс министрлігінің келтірген дерегіне қарағанда, бұл тарапта «заңсыз» СИМ-карталардың 85-90%-ның пайдаланылуының алдын алған. Осы орайда интернеттегі контенттерді және теледидар хабарларын тәліптер билікке келген құрылған жақсылыққа шақырып, жамандықта тыятын министррлік қадағалап отыратынын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат