Тәжікстан президенті халқына су мен азық түлікті қамдап алуға кеңес берді
Тәжікстан президенті халқына су мен азық түлікті қамдап алуға кеңес берді
9 жыл бұрын 3131

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон халқына су мен азық түлікті қамдап алуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Тәжікстан президентінің құрғақшылық болатынын айтып, ескерткені хабарланып отыр.

"Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы Ұлт көшбасшысы, Тәжікстан Республикасының Президенті құрметті Эмомали Рахмон биыл құрғақ қыстың болғанын және көктемнің ерте түскенін еске салып, құрғақшылықтың болуы мүмкін екенін, сонымен қатар шығымсыздықты ескертті", - делінген Тәжікстан президентінің ресми сайтында.

Осы жағдайға байланысты халыққа қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, қазірдің өзінде ауылшуаруашылық жерлерін, бақшаларды, жүзімдіктерді суарып, мүмкін болған жерлерден су қорын жинауға кеңес берілді. Мұнымен қатар, президент қолда бар ресурстар мен материалдық-техникалық мүмкіндіктерді құнттап, үнемдеп жұмсауға кеңес берді.

"Сонымен қатар, мемлекеттік шараларды өткізуге, шығыны көп халық дәстүрлері мен салттарына жұмсалатын шығынды барынша азайтып, халыққа азық түлікті қамдап алуға нұсқау берілді", - деп хабарлайды Эмомали Рахмонның баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Тәжікстанда барлық ақша айырбастау пункттері жабылған болатын, ал валюталық операцияларды банктердегі қызмет көрсету орталықтарында, қаржы мекемелерінің филиалдарында және кредит ұйымдарының бас кеңселерінде өткізу міндеттелген еді.

0 пікір
Мұрағат