Тәжікстан айыпты...
Тәжікстан айыпты...
7 жыл бұрын 3320 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүкіл әлемдік банк басшылығы Тәжікстан билігін ел аумағындағы су рерусын тиімді пайдаланбай отырғанын сынға алды. Аталған халықаралық қаржы мекемесінің  Еуропа мен Орта Азия аймағы жөніндегі вице-президенті Сирил Мюллер аталған елге сапарлай барып, ондағы экономикалық жағдайды өз көзімен көріп қайтты. Ол Орта Азия республикалары (Қырғызстанды есептемегенде) арасындағы су ресурсының мол қорына ие болп отырған тәжіктердің ауызсуға жарымай отырғанына назар аударған екен. Сырт көз - сыншыл, су ресурсын тәжіктердің ұлттық байлығына теңеген екен. Асырып айтқан күннің өзінде сарапшының сөзінде шындық бар. Тәжікстан аумағының көп бөлігі таулы аймақтардан тұрады. Тәжікстан ашық мұхитқы шыға алмаса да оның ландшафты, топографиясы негізінен мұздақтардан тұрады. Соған қарамастан ауызсуға зар болып отырған елді-мекендер жетерлік. Нақтырақ айтқанда, 9 млн тұрғыны бар аталған ел халқының үштен екісі ауылдық жерде тұрады. Ауызсу тапшылығымен күресте қолдағы ресурсты пайдалана алмай отырған республика басшылығының дәрменсіздігі қарын аштырады. Сөйтсе де тәжік билігі Бүкіл әлемдік банктен Рогун Гидро-электр стансасын салуға қаржы сұраудан тартынып отыр. Бұдан бөлек, ел аумағындағы тағы бір аса Нүрек гидро-электр стансасына қатысты жобаға көмектесуі мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат