|
Тәжік халқының жартысына жуығы азық-түлік сатып ала алмай отыр
|
Тәжікстандағы халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейі соңғы жылдары күрт құлдырап кеткен. Дүниежүзілік банктің мәліметіне қарағанда, азық-түлікті тұтыну деңгейі 30 пайызға дейін төмендеген. Яғни, ел тұрғындарының 46%-ы ең қажетті деген азық-түліктің өзін сатып алуға қабілетсіз. Аталған банктің «Тәжікстандағы тұрмыс деңгейін бағалау» деп аталатын есебі бойынша бұған елдегі жұмыссыздық мәселесі ғана емес, сонымен қатар, көрші елдерде жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарынан келіп түсетін ақша аударымдарының азайғаны да өз салқынын тигізген. Мәселен, соңғы үш айда тәжік отбасыларының табысы 150-ден 100 долларға дейін кеміген. Әсіресе, қалалық тұрғындар арасында.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін