Тәж-Маһалда намаз оқуға тыйым салынды
Тәж-Маһалда намаз оқуға тыйым салынды
6 жыл бұрын 4020 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ежелден, яғни, ірге тасы қаланған сәттен бері мұсылмандардың аталған елдегі мақтанышына айналған, әлемнің жеті керемеінің бірі болған, үнді жеріндегі әлемге әйгілі Тәж-Маһал тарихи кесенесінде бұдан былай мұсылмандарға намаз оқуға тыйым салды. Билік басындағы үнді радикалдары. Дәлірегі, Үндістанның сәулет басқармасы жұма күнінен өзге күндерде намаз оқуа қатаң тыйым салды. Шілде айындағы жоғарғы соттың қаулысында жергілікті биліктің бұл қадамын құптаған болатын. Қауіпсіздікті желеу еткен солақай шешім арқылы елден мұсылмандарды ығыстырудың, шетқақпай етудің тағы бір шарасын қолға алды. Яғни, жұма күні екі сағатқа қана намаз оқуға рұқсат беріліп отыр. Осы уақытқа аталған елдің жоғарғы сотының Тәж-Маһалда намаз оқуға тыйым салу турасындағы үкімі орындалмай келген болатын. Есесіне сәулет басқармасы аталмыш кесененің дәрет алатын  орынның есігін тарс жауып тастады. Бұл жайында Times Now News ақпарат көзі хабар таратты. Он шақты жыл бойы осы кесенеде жамағатқа бас-көз болып келген имам Саид Садық Әлі өзіне жұмыс орнына тек жұма күні келуге ғана рұқсат беріп отырғанын жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат