Тағы бір түркі елінде жала жабу бұзақылық санатына жатқызылды
Тағы бір түркі елінде жала жабу бұзақылық санатына жатқызылды
4 жыл бұрын 5095 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбек билігі тіл тигізу мен жала жабуға қатысты қолданылатын жазаны жеңілдету немесе жұмсарту көзделген заңнамалық түзетуді қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған заңнамалық түзетуді ел президенті қолын қойып, мақұлдады әрі ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Яғни, аталмыш түзету қолданысқа енді. Аталған түзетуге сәйкес ендігі жерде аталған елдің қылмыстық кодексінде қарастырылған бас бостандығынан айыру жазасы қолдыналымайды, оның орнына айыппұл төлеумен құтылады. Яғни, жария түрде, дәлірегі, интернетте тіл тигізгені әрі жала жапқаны үшін 200-ден 500-ге дейін базалық есептік мөлшерде айыппұл салынады немесе 300-ден 360 сағатқа дейін міндетті қоғамдық жұмысқа жегіледі. Бүгінде аталған республикадағы базалық есептік көрсеткіш айына 262 470 сумды (өзбектің ұлттық валютасы) құрайды, яғни, 25 доллардан сәл асатын қаражат. Осылайша адамның ар-намысына қол сұғатын әрекеттерді ақтап алумен бірдей мұндай қадам үшін адам құқығын алдыға тартатын әлем қауымдастығы тарапынан сынға ұшырамайды, қылмыстық істерді ізгілендіруді желеу етіп, жазасын темір тордың аржағында өтеуі тиіс қылмыскерге мемлекет шығындалмайды. 

0 пікір
Мұрағат