Тағы бір мұсылман мемлекеті Пайғамбарымыздың туған күнінің құрметіне бір күн демалыс жариялайды
Тағы бір мұсылман мемлекеті Пайғамбарымыздың туған күнінің құрметіне бір күн демалыс жариялайды
3 ай бұрын 1158 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның федералды үкіметі қыркүйек айының 6-н Пайғамбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) туған күнінің құрметіне жалпы ұлттық мереке әрі демалыс күні ретінде ресми жариялайды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қыркүйектің алтысы ислам күнтізбесі бойынша Рәбиуул айының 12-ші күніне тұспа-тұс келеді. Ид Миладун Нәби құрметіне аталған елдің имнистрлер кабинеті осынау айтулы діни мерекелік шараға қатысуы үшін мемлекеттік мекемелер мен мектептердің, т.б. ұйымдардың бір күнге жұмысын тоқтата турасында хабарлады. Бұған қоса, бұл атаулы күн Пәкістанның тарихында маңызды орын алатын, дәлірегі, 1965 жылғы соғыс құрбандарына арналған қорғаныс күнімен сәйкес келіп отыр. Пакстандағы мұсылмандар Пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күнін түрлі шаралармен атап өтуді әдетке айналдырған: Eid Miladun Nabi мерекесінде қасиетті құран оқу және шеру ұйымдастыра отырып. діни жетекшілер мен қайраткерлер Екі әлем сәруарының (Аллланың сәлемі мен игілігі болсын) өмірінен ғибрат келтіре отырып, мейірімділік, әділеттілік және бірлік туралы уағызын айтады. Пайғамбарымыз - Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) туған күніне орай Біріккен Араб Әмірлігінің билігі қыркүйек айының 5-і күні демалыс деп жариялағанын хабарлаған едік (қараңыз: Тұтас мемлекет Пайғамбардың туған күнінің құрметіне бір күнді демалыс деп жарияламақ)

0 пікір
Мұрағат