Тағы бір мемлекет тәліптерді террористер қатарынан шығарды
Тағы бір мемлекет тәліптерді террористер қатарынан шығарды
3 ай бұрын 803 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстанның бас прокуратурасы қызметі мен насихатына ел аумағында сот шешімімен тыйым салынған террористік ұйымдар тізімін жаңартты. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қара тізімде 20 ұйым бар. Олардың арасында Тәліптер қозғалысы жоқ. «Тәліптер» қозғалысы Қырғызстанда 2006 жылдың қыркүйек айында Бішкек қаласының Бірінші Май аудандық сотының қаулысымен террористік ұйым деп танылған еді. Қырғызстанның сот шешімімен қызметі мен насихатына ел аумағында қатаң тыйым салған лаңкестік ұйымдар тізіміне басқалармен қатар «әл-Каида», «Шығыс Түркістан ислам қозғалысы», «Күрд халық конгресі» (Конгра-Гел), Шығыс Түркістан азаттық ұйымы және «Хизбут-Тахрир әл-Ислам» қозғалысы кірген. Осы орайда өткен жылдың желтоқсан айында еліміз Ауғанстан билігіндегі тәліптер қозғалысын экстремистік ұйымдар қатарынан шығарғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат