Тағы бір елде жабайы жануарлар саудасына тыйым салынды
Тағы бір елде жабайы жануарлар саудасына тыйым салынды
4 жыл бұрын 4704 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Вьетнам да Қытайдан кейін пандемияға байланысты жабайы жануарлар мен олардың етін саудаға шығаруға, импорттауға тыйым салды. Жабайы жануарлар етінің заңсыз саудасына, импортына қарсы күреске қатысты шұғыл шаралар жөніндегі директиваға аталған ел премьер-министр Нгуен Суан Фук қолын қойды. Бұл жайында аталған ел билігінің интернет-порталы мәлім етті. Аталмыш құжат талаптарына сәйкес жабайы табиғатқа қатысты қолданыстағы заңнамаларға, заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізіледі. Жабайы жануарлар мен етінің заңсыз трафигімен күресіп келе жатқан Freeland халықаралық үкіметтік емес ұйым Вьетнам билігінің бұл қадамын құптап, қолдау білдіріп отыр. Вьетнам билігінің бұл маңызды шешімі әлемдік ауқымда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етпек. Штаб-пәтері Бангкок қаласында орналасқан Freeland ұйымының жетекшісі Стивен Галстер өзге елдерді де Вьетнамның бұл қадамынан үлгі алуға шақырып отыр. Жабайы жануарлар етінің коммерциялық айналымына тыйым салу жұқпалы індет шарпыған бүгінгі таңда өте өзекті әрі саяси ерік-жігерді қажет ететін мәселе күйінде қалып отыр. Бұл шешім тек күллі адамзат денсаулығына қатысты қауіп-қатерді сейілтіп қоймай, сонымен қатар, адамзаттың кесірінен жойылып бара жатқан жабайы жануарлар популяциясын сақтап, қоршаған ортаны қорғауға септігін тигізеді. 

0 пікір
Мұрағат