Тағы бір елде Ауғанстанның елшілігі жұмысын қалпына келтірді
Тағы бір елде Ауғанстанның елшілігі жұмысын қалпына келтірді
2 ай бұрын 1136 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оманда Ауғанстанның елшілігі жұмысын қалпына келтірді. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауған елшілігінің аталған араб елінде ашылуы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы қарарымен террористік ұйым ретінде танылған тәліптер қозғалысы мен Парсы шығанағы елдері арасындағы қарым-қатынастың орнай бастағанын көрсетеді. Өткен айда Біріккен Араб Әмірлігінде Ауғанстанның дипломатиялық өкілдігі ашылды.  Тәліптердің әлем қауымдастығы алдындағы беделін көтеруге ықпал ететін осы оқиғаға байланысты Ауғанстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі елшілік өз кезегінде екі елдің саяси, экономикалық, діни, мәдіни байланысын нығайтуға атсалысатынын мәлімдеді. Осы орайда бүгінгі таңда Ауғанстанның әлем бойынша 39дипломатиялық өкілдігі жұмыс ыстеп жатқанын айта кетпекпіз. Таяуда Қырғызстанның жоғарғы соты тәліптер қозғалысын террористік ұйымдар қатарынан шығарғанын тағы бір мәрте естеріңізге сала кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат