Тағы бір ел «Вагнер» жалдамалыларын террористік ұйым ретінде танымақ
Тағы бір ел «Вагнер» жалдамалыларын террористік ұйым ретінде танымақ
1 жыл бұрын 956 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания көп ұзамай ресейлік атышулы «Вагнер» жекеменшік әскери компанияны террористік ұйым ретінде ресми танымақ. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен айда Британ парламентінің қауымдар палатасының шетел істері жөніндегі комитет мұндай процедураның уақыт алатынын мәлімдеді. Өйткені, заңды ұстанымды қалыптастыруға белгілі бір уақыт кететінін алға тартып отыр. Осы орайда Британ билігі «Вагнер» жалдамалыларының жетекшісі Евгения Пригожинге 2020 жылдың өзінде санкция салғанын әрі аталмыш әскери компанияның 2022 жылдың наурыз айынан бері британиялық қара тізімге енгенін айта кету керек. Егер Ұлыбритания билігі ресейлік «Вагнер» әскеи компаниясын террористік ұйым ретінде таныса мұндай қадамның дипломатиялық салдары ауыр болуы мүмкін. Егер «Вагнер» ЖӘК террористік ұйым ретінде ресми танылса, оның жалдамалыларына қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс мәртебе таңылады. Оның рәміздерін пайдалануға, насихаттауға т.б. тыйым салынады. Осы жылдың көктемінде Франция парламенті де «Вагнер» ЖӘК-ті террористік ұйым ретінде таныған болатын. Бұдан бөлек, Литва билігі де осындай қадамға барғанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат