Тағы бір ел терроризм үшін азаматтықтан айырады
Тағы бір ел терроризм үшін азаматтықтан айырады
1 жыл бұрын 825 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: RATTANAKUN

Австралия билігі мемлекет қауіпсіздігімен байланысты қылмыс бойынша айыпталған австралиялық азаматтықтан айыру құқығын федералды сотқа беруге бел буып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ТАСС ақпарат көзіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің ішкі істер әрі киберқауіпсіздік министрі Клер О'Нил қазіргі уақытта федералды парламенттің қарауына берілген жаңа заң жобасы бойынша азамматтықтан айыру құзыретінің сотқа берілгенін жөн көретінін жеткізді. Өйткені, азаматтықтан айыру - жазаның бір түрі. Сондай-ақ, ол австралиялық азаматтықтан айырылатын қылмыстар тізімі кеңейтілетінін жеткізді. Соның ішінде ұлт қауіпсіздігіне қарсы әрекет еткендер де (мәселен, өзге елдің мүддесі үшінн тыңшылық ету) бұл тізімге кіретін болады. Осылай дей келе аталмыш заң жобасының кері күші болатынын да жеткізді. Яғни, заң соңғы сегіз жылда осындай қыллмыспен айыпталғандарды да қуғындауға мүмкіндік береді. Соңғы ширек ғасырда террорлық әрекет бойынша азаматтық айыру қарастырылған заң әлемнің бірқатар елінде қабылданды. Қазақстан да осы елдердің қатарында. «ҚР азаматтығы туралы» Қазақстан республикасы заңының 20-1-бабына сәйкес террористік қылмыстар жасағаны үшін Қазақстан республикасының азаматтығынан айыруға тек соттың шешімімен ғана жол беріледі.

0 пікір
Мұрағат