Тағы бір ел таяу болашақта 14 ядролық реакторды жабатын болды
Тағы бір ел таяу болашақта 14 ядролық реакторды жабатын болды
5 жыл бұрын 2249 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Франция билігі 2035 жылға қарай 14 ядролық реактордың жұмысын тоқтатынын мәлімдеді. Соның ішінде, аталған елдің солтүстік-шығысында орын тепкен Фессенхайм атом электр стансасының реакторын 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында жабатын болды. Бұл жайында BFM TV ақпарат көзі хабар таратты. Белгілі болғандай, ұзақ жылдарға бағдарланған энергетикалық бағдарламасында ядролық энергия үлесін азайтып, оның орнына жаңғыртпалы энергия көздеріне басымдық беру қарастырылған. Аталған еуропалық елдің экология министрі Элизабет Борн биоэнергияны дамытуға қосымша 1,8 млрд еуро қаржы бөлінетінін айта келіп, жел энергиясының қуатын 40 пайызға арттыратынын мәлім етті. Сондай-ақ, Элизабет Борн бұрынел аумағында жаңа ядролық реактор құрылысы жүргізілмейтінін де мәлімдеген болатын.

0 пікір
Мұрағат