Тағы бір ел семіздікті ауру ретінде мойындайтын болды
Тағы бір ел семіздікті ауру ретінде мойындайтын болды
5 жыл бұрын 2253 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Данияның 40 мыңнан аса тұрғыны семіздіктен және артық салмақтан пайда болатын ауру түрлерінен (жүрек-қан тамырлары, сусамыр, т.б.) зардап шегеді. 6 млн-ға жетер-жетпес халық санына шаққанда бұл салыстырмалы түрде орташа көрсеткіш болып табылады. Алайда, аталған елде артық салмақтан зардап шегетіндер қарасы жылдан жылға тұрақты түрде артып келеді. Осыған алаңдаған ел билігі 2022 жылы семіздікті індет ретінде қарастырып, ауру ретінде мойындауы мүмкін. Өйткені, семіздік ауру деп танылмаған елде артық салмақтан зардап шегетіндер мемлекет тарапынан қандай да бір медициналық және әлеуметтік жәрдем ала алмайды. Осы уақытқа дейін кәрі құрлықтағы осынау шағын ел Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қойған талаптарын қабылдап келген болатын. Алайда, семіздікті індет ретінде қарастырып, ауру ретінде әл күнге ресми мойындаған емес. Даттардың дұрыс тамақтанбаумен күрес жөніндегі одақ жетекшісі Лайл Вальтердің айтуынша, ел билігі семіздікті аурулар қатарына жатқызса, артық салмақтан зардап шегетіндер тұрғылықты жері бойынша (қалалық басшылықтан немесе аймақ басшылығынан) жәрдем алатын болады. Осылайша Дания да семіздік ауру ретінде мойындаған ғалымдар қауымдастығының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастаған халықаралық медициналық орталықтардың, АҚШ, Изриал, т.б. секілді жекелеген мемлекеттердің қатарын толықтырды.

0 пікір
Мұрағат