Тағы бір ел өлім жазасынан бас тартады
Тағы бір ел өлім жазасынан бас тартады
2 жыл бұрын 1425 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түбі бір түркі жұрты – Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев барлық жағдайда өлім жазасын алып тастау туралы «Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы» конвенцияның №13 хаттамасына қол қоюға өкілеттік беру туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл жайында islam.kz  порталы azertag.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда аталған елде өлім жазасына 1993 жылдан бастап моратория жарияланғанын айта кетпекпіз. Содан бері сотталғандарға рақымшылық жасау мүмкіндігі пайда болған еді. Әзірбайжан билігі бұл саясатты осы уақытқа дейін жүргізіп келді. Президент көмекшісі Фуад Әлескеровтың айтуынша, ел заңнамасында өлім жазасы қолданылатын бірде-бір нақты қылмыс көрсетілмеген. Оның үстіне, Әзірбайжанда қылмыстық заңнаманы либерализациялау (ырықтандыру) шаралары ұдайы жүргізілуде: атап айтқанда, бірқатар қылмыстар үшін баламалы жазаға жол берілген. Осы уақытқа дейін Әзірбайжанда 6 мыңға тарта жазасын өтеушіге рақымшылық жасалған.

0 пікір
Мұрағат