Тағы бір ел ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң қабылдайын деп жатыр
|
Грузия парламентінің спикері Шалба Папуашбили биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының ЛГБТ насихатына және жыныс ауыстыруға тыйым салатын заң жобаларының пакеті күн тәртібіне енгізіліп жатқанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Билік партиясы «Отбасы құндылықтары және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы негізінде республика конституциясына тиісті түзетулер енгізуді көздеп отыр. Аталмыш заң жобасы қоғам қолдауына ие болғанын жеткізді парламент жетекшісі. Бұл бағыттағы заң жобалары пакетінде бір жынысты некені тіркеуге; жынысын өзгерткен немесе бір жынысты төсек қатынасындағы адамдардың кәмелетке толмаған балаларды асырап алуына; ресми құжаттарда биологиялық (табиғи) жынысынан өзгеше жынысын көрсетуге; жыныс ауыстыру операцияларына тыйым салу қарастырылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында бір жыныстыларды дәріптейтін көріністерді және ұқсас мазмұндағы жарнамаларды таратуға тыйым салынады. Сонымен қатар, бұл тарапағы түзетулер бойынша ЛГБТ идеологиясын насихаттауға бағытталған қоғамдық жиындарға тыйым салынады, компаниялар қызметкерлердің биологиялық жынысы ескерілмеген еңбек келісімдерін жасай алмайды, т.б. Заңнамалық түзетулер күзде түпкілікті қабылданады. Осы орайда елімізде де көктем мезгілінде «Бала құқығы туралы» заңға түзетулер енгізілгенін айты кетпекпіз. Түзетулерге сәйкес бір жынысты төсек қaтынaсындaғы, сондaй-aқ, біреуге жыныстық қысым көрсетіп, қылмыскер aтaнғaн тұлғaлaр, бұдан бөлек, террористік немесе экстремистік әрекетімен көзге түскендерге және адам саудасы бойынша сотты болғандарға бала асырап алуға немесе қамқоршы болуға тыйым салынды.