Тағы бір ел безгектен ада мемлекет ретінде ресми танылды
|
Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «безгетен (маляриядан) ада» ел мәртебесін растайтын сертификатына ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтына сілтеме жасай отырыр мәлім етеді. Осылайша аталған аурудан ада тағы бір мемлекет пайда болды. Соңғы жылдары мұндай мәртебеге аталған ұйым тарапынан ресми ие болған мемлекеттер саны бір саусақтың санына да жетпейді: Сальвадор (2021 жылы), Аргентина (2019 жылы) және Өзбекстан (2018 жылы). 1940-шы жылдары Қытайда жыл сайын аталмыш жұқпалы дерттен 30 млн адам зардеп шегетін. ДДСҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесустың осыған қатысты мәлімдемесінде Қытай халқы бұл жетістікке үлкен машақатпен келгенін еткізді. Табандылық таныта отырып, жүйелі жұмыс жүргізу арқылы қол жеткізе алған. ДДСҰ мәліметі бойынша Қытай соңғы 30 жылда Тынық мұхитының батыс бөлігінде мұндай сертификатқа ие болған алғашқы мемлекет. Жалпы әлемде мұндай сертификатқа 40 мемлекет ие. Біздің еліміз, яғни, Қазақстан 2012 жылы жыл сайын әлем бойынша 500 мыңдай адам зардап шегетін аталмыш аурудан ада, азат мемлекет ретінде танылды. ДДСҰ тарапынан. 2020 жылдың мамыр айында ресейлік ғалымдар безгекке қарсы алғашқы дәрісін жасағаны турасында хабар тараған болатын. Дәлірегі, ресейлік және израилдік молекулярлы биологтері хризантем геніне жусан генін үстеген болатын. Алайда, жусан өсетін климаттық белдеу аз, сол себепті, мұндай дәріні көптеп шығару мүмкін емес.