Тағы бір араб елі жасанды жер серігін ұшырды
|

Өткен аптаның сенбісінде Бахрейн орбитаға отандық әл Мұнзир спутнигін шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша тағы бір араб елі ғарышты игеру саласында маңызды қадам жасады. Аппаратты аталған араб елінің ұлттық ғылыми-ғарыш агенттігінің мамандары құрастырды. Оның жобалауына тек бахрейндік мамандар ғана атсалысты. Негізінде әл Мұнзир Таяу шығыс аймағындағы ең алғашқы спутник жасанды зерде технологиясымен жабдықталған. Таспаға тартып алынған кескіндер мен бейнелерді өңдейді. Жасанды жер серігіне Жердің бетін бақылау камерасы және киберқауіпсіздік жүйесі орнатылған. Әл Мұнзир жер бетінен 550 шақырым биіктікте күн сәулесінің бірге қозғалатын болады. Аппараттың қызмет ету мерзімі екі жылға шақталған.




