Тағы бір араб елі Иранмен дипломатиялық қатынасты қалпына келтіреді
Тағы бір араб елі Иранмен дипломатиялық қатынасты қалпына келтіреді
2 жыл бұрын 914 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Саудия мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынас қалпына келгені туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Таяу Шығыс аймағындағы бір-бірімен текетірес екі алып державаның бұл қадамы әлемдік геосаясатта елеулі оқиға болды. Іле-шала Бахрейн де Иранмен арадағы дипломатиялық қатынасты қалпына келтіру бойынша шиғалар елімен келіссөздер бастады. Бұл жайында islam.kz порталы ISNA ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сәл шегініс: 2016 жылдың қаңтар айында Саудия билігі 47 адамды өлім жазасына кесіп, үкімді жүзеге асырған болатын. Өлім жазасына кесілгендер арасында «терроризм» бойынша айыпталған шиғалық дін қайраткері Нимра әл-Нимра да бар болатын. Осы актіден кейін Иран мен Саудия арасындағы дипломатиялық қатынас үзілген еді. Саудияны қолдаған Парсы шығанағы елдерінің көбісі Иранмен арадағы дипломатиялық қатынасты үзді. Солардың арасында Бахрейн де болды. 

0 пікір
Мұрағат